26 Сәуір, 2015

«Өз болашағым үшін дауыс бердім»

593 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жанаргүл Мейрам ПЕТРОПАВЛ. 26 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысында дауыс беруде жастардың белсенділіктері ерекше байқалуда. Биыл алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауын жасаған жас сайлаушылардың бірі – Жанаргүл Мейрам. Ол Президент сайлауына қатысуды болашағына сенген әр азаматтың негізгі міндеті деп санайды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Мен биыл алғаш алғаш рет дауыс бердім. Бүгінгі таңда көпұлтты еліміздегі тұтастық пен бірлік, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік тәжірибе ретінде танылған. Біз тәуелсіздік туы желбіреген елімізде ұлттар мен ұлыстардың нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік тең құқықтылығына қол жеткізген мемлекет саналамыз. Азаматтық татулық пен этносаралық келісім басты құндылығымызға айналды. Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты бейбітшілік пен келісімге, сенім мен тұрақтылыққа негізделген. Біз сияқты жан-жақты тәлім-тәрбие алып жүрген өскелең ұрпақ азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық, білімділік сияқты «Мәңгілік Ел» идеяларын басты қағида санайды», дейді Жанаргүл. Бүгінгі сайлауда өзінің болашағы үшін таңдау жасағанын айтқан ол: «Баршамыздың ортақ үйіміз – кең-байтақ Қазақстанның қамын ойлап, халқымыздың еңселі ертеңіне, татулықпен атқан әр таңына алаңдайтын болсақ, әр дауыс маңызды дер едім. Халқымыздың егемендік алғаннан кейінгі жолына, жеткен жетістіктеріне көз жүгіртіп, саралап, тереңнен толғана келіп, осындай шешімге келдім. Саяси науқанға қатысып, өз даусымды таңдаған үміткерге беру құқына ие болғанымды мақтан етемін. Осы мезеттен бастап өзімді елімнің алға қарай дамуына үлес қосатын еркін елдің ертеңі, Отанымның патриоты ретінде сезініп жүрмін», – деді. Сонымен қатар, бүгінгі жас ұрпақтың білім алып, өзін жан-жақты көрсетуіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отырғанын тілге тиек еткен жас сайлаушы: «Еліміздің одан әрі кемелдене беретініне, ол үшін жасалып жатқан жұмыстардың барлығы өз нәтижесін беріп, Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарынан көретінімізге кәміл сенемін», – деді. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz.