26 Сәуір, 2015

Елімізде сайлаушылардың 41,69 пайызы дауыс берді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-04-15-oskАСТАНА. 26 сәуір. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова республикамыз бойынша сайлаушылардың 41,69 пайызы дауыс бергенін мәлім етті. Бұл туралы egemen.kz тілшіс хабарлады. Татьяна Охлопкова: «Президенттік сайлауда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 26 сәуірдегі сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген  сайлаушылардың 41,69 пайызы сайлау бюллетенін алды», – деді. Т.Охлопкованың сөзіне қарағанда, Ақмола облысы бойынша – 51,01,  Ақтөбе облысы бойынша – 36,11, Алматы облысы бойынша – 60,68, Атырау облысы бойынша –  47,54, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 48,24, Жамбыл облысы бойынша – 49,91, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 40,66, Қарағанды облысы бойынша – 43,35, Қызылорда облысы бойынша – 45,56, Қостанай облысы бойынша – 56,57, Маңғыстау облысы бойынша  – 34,12, Павлодар облысы бойынша – 42,63, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 50,11, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  – 32,62,  Астана қаласы бойынша – 25,46, ал Алматы қаласы бойынша 17,25 пайызды құраған. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: egemen.kz.