Оқиға • 28 Маусым, 2024

«Адам шығыны бар»: Қызылордада автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында жеңіл көлік қоғамдық автобуспен соқтығысуы салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Адам шығыны бар»: Қызылордада автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

Фото: Kazinform

Әлеуметтік желідегі мәлімет бойынша, оқиға 27 маусымда болған. Қоғамдық автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, оқиға орнында жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапқан.

Бұл жөнінде түсініктеме берген Қызылорда облыстық Полиция департаменті: «Аталған дерек бойынша тергеу әрекеттері басталған. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп мәлім етті.