26 Сәуір, 2015

Шығысқазақстандық ардагерлер үйлерінде дауыс берді

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.04.2015  Oskemen-4ӨСКЕМЕН. 26 желтоқсан. Шығыс Қазақстан облысында сайлау учаскесі комиссиясының мүшелері денсаулығына байланысты үйде отырған ардагерлер мен зейнеткерлердің дауысын жинауда. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Өскемен қаласындағы Жібек маталар комбинаты ықшамауданының тұрғыны Шернияз Жаманбаев пен Шолпан Кәбдікәрімқызы өз таңдауларын жасады. Сәтпаев даңғылындағы 14/3 үйде тұратын еңбек ардагерлеріне №3 сайлау учаскесі комиссиясы төрайымының орынбасары Рулан Нысаинов келіп, қос қарияға дауыс беру бюллетеньдерін ұсынды. 26.04.2015  Oskemen-5Шернияз ақсақал 1932 жылы Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Шорға ауылында туған. Аталған аудандағы Крупская атындағы колхозды құруға атсалысқан, ауданның құрметті азаматы. Зайыбы Шолпан Қабдікәрімқызы 1936 жылы Ақжар ауылында дүниеге келген. «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегері атанған әже 8 баланы дүниеге әкеліп, 12 немере мен 4 шөберенің қызығын көріп отыр. Дербес зейнеткер. Қол ұстасып ғұмыр кешкендеріне жарты ғасырдан асқан қос қария да тыл ардагерлері. «1954 жылдан бастап дауыс беріп келемін. Бұрын сайлау учаскелеріне өз аяғыммен барып дауыс беруші едім. Биыл денсаулығым көтере алмайтын болғандықтан, сайлау учаскесіне өтініш жаздым. Балаларымыздың бүгінгі барақатты, берекетті өмірі мен келешегі үшін таңдауымызды жасап, дауыс бердік»,  деді Шолпан әже. Қариялар дауыс берген бюллетеньдерін арнайы жәшікке салды. Комиссия төрайымының орынбасары Рулан Нысаинов кешке дейін өз учаскелеріне тиесілі 50 қарияның үйіне барып, дауыстарын жинап үлгеру қажеттігін жеткізді. Думан Анаш. Дерек, сурет: egemen.kz