26 Сәуір, 2015

Қызылордада сайлаудан сарбаздар да тыс қалмады (фото)

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_0421ҚЫЗЫЛОРДА. 26 сәуір. Бүгін Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округіндегі №266 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы оңтүстік өңірлік қолбасшылығы №5547 әскери бөлімінің қызметкерлері дауыс берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Отан қорғаушылар аталған сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады. Әскери бөлімнің қызметкерлері сайлау учаскесі ашылған сәттен-ақ сайлаушы ретінде белсенділік танытып, өзге де дауыс берушілерді өз таңдауларын жасауға шақырды. Аталған бөлімде 390 әскери қызметкер борышын өтеуде. Дауыс бергендердің бірі – сарбаз Ерлан Иманбаев. Жасы 20-да, Алматы қаласы Медеу ауданынан әскерге шакырылған. «Отан алдындағы борышымды өтеп жатқаныма 4 ай болды. Сайлауға катысып, дауыс бергеніме қуаныштымын. Мен елімнің болашағы үшін дауыс бердім», – дейді ол. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz. IMG_0433 IMG_0434