26 Сәуір, 2015

Солтүстік Қазақстанда сайлаушылар белсенділігі жоғары

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
26.04.2015  PetrppavlПЕТРОПАВЛ. 26 сәуір. Бұл күнге солтүстікқазақстандықтар да ерекше мерекелік көңіл-күймен дайындалып,  таңмен таласа сайлау учаскелеріне келе бастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Сайлау учаскесі  аумағындағы  тұрғылықты мекенжайлар бойынша 380 мыңнан астам адам тізімге алынып,  709 сайлау  учаскелірінде өз таңдауларын жасайтын болады.  Демалыс үйлерінде, емханаларда, қатынауы қиын елді мекендерде  ұйымдастыру шараларын тыңғылықты өткізу жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ,  ауру-сырқаулы, жүріп-тұруы қиын адамдар үшін 141  көшпелі жәшік жұмыс істейтін болады. Австриядан, Словакиядан, көрші Ресейдің шекаралас облыстарынан 50 жуық байқаушы сайлау  үдерісін қадағалауға атсалысуда. Бір сөзбен айтқанда, кезектен тыс  президент сайлауын, әділ  ашықтықпен өткізуді барлық мүмкіндіктері қамтамасыз етілген», – деді БАҚ өкілдерімен өткізген брифингте облыстық сайлау коимиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев. Асқар Жоламанұлының  сөзі іспен сабақтасатынын  сайлау учаскелерін аралау барысында көз жеткіздік.  Алдымен өзіміз дауыс беретін  № 23 мектептегі № 684 сайлау  учаскесіне ат басын тіредік.  Сайлау комиссиясының төрайымы  Тәнзилә Хасенованың мәлімдеуінше сайлаушылардың белсенділігі  жоғары. Жас сайлаушылардың қатарында  Александр Александрович пен Антон Шақшақбаев  алдыңғылардың қатарында жетіп,  сыйлықтарға ие болыпты. «Тізімде 2360 сайлаушы бар.10 кабина орнатылған.  Ешқандай  іркіліс, кідіріс жоқ. 50 адам үйде дауыс беруге өтініш түсірді»,– деді бізге  Тәнзилә  Ыбырайқызы. «Сайлауға бақылау жасау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия» облыстық филиалы атынана  бақылаушы ретінде қатысып отырған Марина  Скмыкина  сайлаудың  ашық өтіп жатқанын, ешқандай заң бұзушылықтың орын алмағанын жеткізді. Осында орналасқан № 685 сайлау учаскесінің төрайымы Ирина Власова тізімге 2431 сайлаушы алынғанын,  саяси науқанның жоғары деңгейде өтіп жатқанын алға тартты. Балалар және жасөспірімдер орталығында орналасқан № 644 сайлау учаскесіне келгенімізде  өз таңдауын айқындауға келген қалың кезекке кезіктік. Солардың бірі  дәл осы күні 80 жасқа толып отырған  Мария  Леонова дуыс беруге  кезексіз өткізіліп,  арнайы  сыйлық  тарту етілді.  Мұнда да жоғары ұйымшылдықтың куәсі болдық. Таңертеңгі сағат 10.00-де  облыс сайлаушыларының 18,34 пайызы өз таңдауларын жасаса,  сағат 12.00-де 50 пайыздан асуы  солтүстікқазақстандықтардың  саяси белсенділігінің жоғарылығын танытса керек.  Ал,  22 сайлау учаскесінде дауыс берудің  аяқталған. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz Сурет: Талғат Тәнібаев.  
Соңғы жаңалықтар

Джеруто жолдама алды

Спорт • Бүгін, 09:25

14 боксшымыз – жеңімпаз

Бокс • Бүгін, 09:20

Көнеге қамқорлық

Мәдениет • Бүгін, 09:15

Жаңа аудан жаңаша аталса

Аймақтар • Бүгін, 09:10