Спорт • 26 Маусым, 2024

Азия чемпионаты: Семсершілер 9 жылдан кейін қола жүлде жеңіп алды

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семсерлесуден Кувейтте өтіп жатқан Азия чемпионатында қылыш сайысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионаты: Семсершілер 9 жылдан кейін қола жүлде жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Айта кетсек, аталған Азия чемпионаты 27 маусымға дейін жалғасады.

Ерлер құрамасындағы семсершілер:

Артем Саркиссян;

Назарбай Саттархан;

Бақдәулет Құралбекұлы;

Жанат Набиев.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бұл – Қазақстан құрамасының Азия чемпионатында 9 жылдан кейін қол жеткізген жүлдесі. Семсершілеріміз Сингапурде 2015 жылы өткен Азия біріншілігінде де қола медаль еншілеген болатын.