Білім • 26 Маусым, 2024

Ең жоғары балл – 136

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері Батыс Қазақстан облысында 4 065 мәрте тест тапсырылған. «Талапкерлердің 70 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы орыс тілінде тестілеуден өтті» дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Назгүл Мұхамбетжанқызы.

Ең жоғары балл – 136

ҰБТ басталғалы 79 пайызға жуық талапкер шекті балды жи­на­ған. Ал жал­пы батыс­қазақ­стан­дық­­тардың ­орташа көрсеткіші – 72 балды құрапты. Бұдан бұрын ха­барлағанымыздай, ең жоғары балл – 136. Оның иесі – Орал қаласын­дағы «Abyroi school» жеке мекте­бін бітіруші Құралай Есенғожина екенін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, өңірдегі тестілеу орта­лық­тарында талапкерлер үшін бар­лық жағдай жасалған. Соның ішін­де ерекше қажеттілігі бар үміт­кер­лер үшін қолайлы жағдай жасау­дың арқасында ҰБТ-ға төрт апта­ның ішінде 20 ерекше талапкер қаты­сыпты. ҰБТ басталғалы бері өңірде 5 адам­­­ның тарапынан ереже бұзу­­шы­­­лық анықталған. Бір талапкер смарт­­фон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған затты алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүм­­кін­ді­гі­нен айырылды. Ал тес­­ті­леу ке­зінде ере­же бұзғаны үшін ауди­ториядан 4 адам шы­ғары­­лып, олардың нәтижелері жо­йылған.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысы бойынша 6 381 адам биылғы ҰБТ сынағына қатысу үшін тіркелген болатын. Олардың 75,3%-ы қазақ тілінде, 24,7%-ы орыс тілінде, 1 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірген.

 

Батыс Қазақстан облысы