Шымкент • 24 Маусым, 2024

Қала күні аталып өтті

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте жаңадан ашылған «Tulip Hall» кон­гресс-холында Қала кү­ніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оған ардагерлер, зиялы қауым өкіл­дері, қала тұр­ғындары мен жастар қа­тысты. Салтанатты бас­қосуда әкім Ғабит Сыз­д­ықбеков сөз сөйлеп, жи­налған қауымды Қа­ла күні мерекесімен құт­тық­тады.

Қала күні аталып өтті

«2200 жылдық тарихы бар қаламыз даму шежіресін алтын әріптермен жазып келеді. Қаламыздың келбеті жылдан-жылға ажарланып, экономикасы өрлеп, халықтың әл-ауқаты артуда. Жаңа идеялар мен жоспарлар, ауқымды инвестиция миллионды қаланың дамуына жаңа серпін беріп отыр. Игіліктің барлығы – сіз бен біздің ортақ еңбегіміз», деді қала әкімі.

Шымкент қалалық мәслиха­тының төрағасы Бахадыр Нарым­бетов концерттік кеште бір топ азаматты «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағымен марапаттады. Аталған атаққа ие болғандардың ішінде «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері Орынбай Рахманбердиев те бар. Ол кісі шырайлы шаһардың өт­кені туралы жылы естелігін айтып, қазіргі даму қарқынына қа­тысты ойларымен бөлісті.

«Меніңше, бүгінде қалада та­мақ, тоқыма өнімдерін шыға­ратын зауыт-фабрикаларды көбейту керек. Шымкент Өзбекстан астанасы Ташкентке тиіп тұр. Міне, сол алып шаһардың да инвестициялық мүмкіндігін пайдалануы­мыз қажет. Біріккен кәсіпорындар құрып, бәсекелестік тудырған тауарларды шығарып, өздеріне сатып отырсақ, несі жаман? Қазір нарықтық экономикадамыз. Дегенмен шатқаяқтап тұрған кәсіпорындарды аяққа тұрғызып алу үшін жартылай жоспарлы экономикаға көш­сек те жаман емес. Бұл  енді – менің жеке көз­қарасым», деді О.Рах­манбердиев.

Айта кету керек, қала күнінің қарсаңында «Tulip Hall» ғимараты халық игілігіне берілді. Үшқ­абатты ғимараттағы концерт за­лының сыйымдылығы – 2066 орын. Одан бөлек 190 орындық кон­ференция залы бар.

 

ШЫМКЕНТ