26 Сәуір, 2015

Қостанайда Жеңістің 70 жылдығына арналған сурет көрмесі ашылды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.04.2015 Qostanay-1ҚОСТАНАЙ. 26 сәуір. Қостанайдағы көркемсурет галереясында Жеңістің 70 жылдығы құрметіне көркемсурет және фотосурет көрмесі ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Көрмеде негізінен қостанайлық суретшілер салған соғыс ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысы батырларының портреттері көрермен назарын бірден жаулайды. Сонымен қатар  жергілікті фотографтар шығармалары да көрмеден орын алды. 26.04.2015 Qostanay-2Көрменің ашылуына соғыс ардагерлеі шақырылып, оларға құрмет көрсетілді. Көрмені ұйымдастырған облыстық тарихи-өлкетану  музейінің қызметкерлері  көрмеге келушілерге  майданнан жазылған хаттардың көшірмесін таратты. Музейдің ғылыми қызметкерлерінің мәліметінше,  майданнан келген 60 хаттың түпнұсқасы сақтаулы. Музей майданнан сағынышқа толы хаттардың  мыңға жуық көшірмесін қостанайлықтарға таратты.  Көрермендер үшбу хаттарды қуана алып, толқи оқыды, сақтап қоюға уәде етті. Көрмеде келушілер тек суреттерді тамашалаған жоқ, көркемөнерпаздар оларды патриоттық және  соғыс жылдарындағы әндермен қарсы алды. 26.04.2015 Qostanay-3Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Укин: «Жеңістің 70 жылдық мерекесі де есік қағып тұр.  Бұл жеңіс халқымызға оңайлықпен келген жоқ. Қостанай облысынан  басқасын айтпағанда 1268 әйел  майданға атттанды. Ал тылда да еңбек майданы  жүріп жатты. Отан үшін  барлығы да өлімге бас тікті. Сондықтан  Жеңіс өнер тақырыбына айналып келеді.  Соғыс — мәңгілік тақырып», деді. Көрермендер қостанайлық қылқалам шеберлері Георгий Соковтың, Олег Кусковтың, Николай Торшиннің, Вадим Быковтың  соғыс тақырыбына жазған шығармаларын тамашалады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: egemen.kz Сурет: ng.kz