Спорт • 24 Маусым, 2024

Париж-2024: Эсмигүл Куюлова жекелей сында бақ сынайды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Эсмигүл Куюлова (63 келі) Олимпиада ойындарының жекелей сынында бақ сынайды. Ол Халықаралық Дзюдо Федерациясының қосымша жолдамасына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Париж-2024: Эсмигүл Куюлова жекелей сында бақ сынайды

Фото: Qazsporttv

Осылайша, Қазақстан құрамасы атынан жекелей сында бақ сынайтын спортшылар саны 9-ға жетті. Бұған дейін Эсмигүл Куюлованың аралас командалық жарысқа қатысатыны белгілі болған еді.

Олимпиада ойындарында белдесетін дзюдошылар:

Ерлер:
60 келі - Елдос Сметов;
66 келі - Ғұсман Қырғызбаев;
73 келі - Данияр Шамшаев;
81 келі - Абылайхан Жұбаназар;
-100 келі - Нұрлыхан Шархан.

Әйелдер:
48 келі - Абиба Әбужақынова;
63 келі - Эcмигүл Куюлова;
+78 келі - Камила Берліқаш.

Дзюдодан Олимпиадалық турнир 26 шілде – 3 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы еншісінде спорттың 24 түрінен 80 лицензия бар. Парижге аттанатын спортшылар саны - 70.