26 Сәуір, 2015

Кандидат Сыздықов сайлаудағы дауысын Көкшетауда берді

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-04-15-syzdykov-1

КӨКШЕТАУ. 26 сәуір. Қазақстан президенттігіне сайлауға Қазақстан халықтық коммунистік партиясының үміткері ретінде қатысып жатқан Тұрғын Сыздықов дауысты Көкшетауда берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Президенттікке кандидат кеше отбасы жағдайына байланысты шұғыл Көкшетауға жүріп кеткен еді. Ол бүгін мұнда таңғы 7-де сайлау учаскесіне келіп, алдыңғылардың қатарында дауыс берді. Тұрғын Сыздықов қаладағы қоғамдық тамақтандыру колледжінің ғимаратында орналасқан №32 сайлау учаскесіне келді. Бірақ жұбайынсыз, бір өзі келді. Себебі, әйелі басқа жақта паспорттық тіркелімде тұрады екен. Еске сала кетейік, Тұрғын Сыздықов президенттікке кандидат болып Қазақстан халықтық коммунистік партиясынан тіркелді. Ол 1947 жылы туған. 1974 жылы Мәскеудегі Жоғары комсомол мектебін бітірген. Бұдан басқа, Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Көкшетау облысы Ленинград ауданының әкімі болды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында мемлекеттік қызметтер атқарды. Соңғы жылдары облыстық мәслихаттың бөлім меңгерушісі болып істеді. Сыздықов сайлауалды кездесулері кезінде сұралған болжамға байланысты: «Болжам деген сүт сауу емес, бұл өнімнің шығымдылығын арттыру емес», - деп жауап берді. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz.