Қоғам • 23 Маусым, 2024

Аида Балаева Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады

- Елімізге адал қызмет етіп жүрген мемлекеттік органдардағы барлық қызметкерге зор құрметпен алғыс білдіреміз.

Бұл күн – өз ісіне адал, еліміздің дамуына үлесін қосып, мемлекет үшін тынбай еңбектеніп жүрген қызметкерлердің беделін айшықтайтын мереке.

Сіздердің қажырлы қызметтеріңіздің арқасында жемісті нәтижеге жете аламыз.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі құтты болсын! – деді Балаева.