Оқиға • 21 Маусым, 2024

Алматы аудандарының бірінде газ уақытша өшіріледі

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы өндірістік филиалы Жетісу ауданындағы Жандосов көшесі 134-үй маңында төмен қысымды газ құбырларын бір-біріне шеңберлеп жалғау жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты 21 маусым күні 99 жеке үй, 280 көпқабатты үй газдан уақытша (сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін) ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz  «QazaqGaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы аудандарының бірінде газ уақытша өшіріледі

Фото: ашық дереккөз

Өткен жылыту маусымы кезінде «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалына Алматы қаласының газ тұтынушыларынан газ тарату желілеріндегі газ қысымының әлсіз болғаны туралы хабарламалар көп түскен. Осыған орай, газ тасымалдау жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіру және тұтынушыларды «көгілдір отынмен» үздіксіз және қауіпсіз қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ алдағы жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін газ уақытша өшіріледі.

Сондай-ақ Алматы өндірістік филиалына жеке құрылыс-монтаждау компанияларынан жаңадан салынған орташа қысымды жерүсті газ құбырын жұмыс істеп тұрған жерүсті газ құбырына қосу жұмыстарын орындау қажеттігі туындаған. Осыған байланысты, 25-26 маусым күндері Бөкейханов көшесінде орналасқан 420 жеке үй, 51 өнеркәсіптік мекемесі газдан уақытша ажыратылады.

Сондай-ақ жоғарыда аталған жұмыстарға қатысты 27 маусым күні Кемел шағынауданы Жолымбет көшесінде 556 жеке үйде газ уақытша өшіріледі.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң газ бірден қосылады. Бұл жұмыстардың барлығы алдағы жылыту маусымына дайындық аясында, кестеге сай орындалады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті