26 Сәуір, 2015

Жамбыл облысында сайлаушылардың белсенділігі байқалады (фото)

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
_MGM1395 ─ копияТАРАЗ. 26 сәуір. Жамбыл облысының сайлаушылары бүгінгі науқанда белсенділік танытуда. Тараз қаласындағы №50 сайлау учаскесінде күндізгі сағат 10-ға дейін 800-ге жуық сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Учаскеде сайлаушыларға барлық жағдай жасалған. Аулада әсем ән қалықтап жатса, іште дауыс берушілердің кейбірі шахмат, дойбы ойындарына қызу кірісіп кетіпті. Сондай-ақ, сайлау учаскесі жанында сауда дүңгіршектері қойылып, ел қажетті азық-түліктерін сатып алуда. Ал Тараз қаласындағы №39 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген 78 жастағы Ботабай Малдыбаев ақсақал ел тағдыры шешілетін жауапты сәтке бей-жай қарай алмайтынын айтады. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған қария дауыс беруге әйдегі әжемізбен бірге келіпті. Жамбыл политехникалық колледжінің студенті Захар Шарипов өз таңдауын №35 сайлау учаскесінде жасады. Болашақ жылыжай маманы Захар осы науқанға ат салысып, дауыс бергеніне өте қуанышты. «Таңертең ерте тұрып, сайлау учаскесіне жеткенше асық болдым. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік», – дейді ол. Жамбылдық сайлаушылардың өз таңдауларын жасауда белсенділік танытуы олардың бұл саяси науқанға асқан жауапкершілікпен қарайтынын білдірсе керек. Бірлігі, ынтымағы жарасқан елдің халқы осындай ұйымшыл болады. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz. _MGM1402 ─ копия IMG_2588