Қоғам • 20 Маусым, 2024

Пойыздар су тасқыны салдарынан кешігіп жатыр - Жәнібек Тайжанов

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов Қазақстанда пойыздардың жүйелі түрде, әсіресе жазда неге кешігіп келетінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пойыздар су тасқыны салдарынан кешігіп жатыр - Жәнібек Тайжанов

Фото:ҚТЖ

Тайжановтың айтуынша, жаз айларында жолаушылар тасымалына сұраныс едәуір артады. 

«Мұнда объективті себептер бар. Бірінші себеп - инфрақұрылымның тозуы. Бүгінде бұл көрсеткіш 56%-ға жетті. Магистральдық қозғалыс ескірген. Біз үшін ең маңызды міндет – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан темір жолда, магистральда жыл сайын жазғы кезеңде жөндеу-жол жұмыстары жүргізіледі», деді Жәнібек Тайжанов.

Басқарма төрағасының айтуынша, 2030 жылға қарай Қазақстанда ескі, тозығы жеткен вагондардың барлығы есептен шығарылуы керек. Олардың орнына жаңасын сатып алу жоспарланып отыр.

Егер қажетті пойызға билет жоқ болса, жолаушыларға кезекке тұруға кеңес беріледі. 2023 жылы бұл қызметті 170 мыңға жуық жолаушы пайдаланып, кейін билеттерді сатып алу мүмкіндігін алды.

Жәнібек Тайжановтың пайымынша, пойыздардың кешігуіне биыл Қазақстанда болған ауқымды су тасқыны да себеп болды.

«Биылғы ауқымды су тасқынына теміржол төтеп берді, ешқандай мәселелер болған жоқ, бірақ су тасқынынан кейін көптеген жол тайғақ болып кеткен. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, осыған байланысты жолаушылар пойыздары кешігіп  жатыр», деп түйіндеді Тайжанов.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
 
ЕҰУ студенті