26 Сәуір, 2015

Павлодардан Мәскеуге парадқа баратын соғыс ардагері дауыс берді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26.04.2015 sailau Pavlodar-2ПАВЛОДАР.  26 сәуір. Облыста 246 Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагер бар. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс орталығында тұратын  Михаил Василевич Смоленков Мәскеу қаласында  9 мамырда өтетін әскери шеруге барады. 92 жастағы  ардагер 18 жасында  майданға аттанып, Польша, Қиыр Шығыстағы шайқастарға қатысқан. Майдангер бүгінгі бейбіт заманның қандай ерлікпен келгенін біледі.Ол   қаладағы № 27-ші сайлау учаскесіне келіп, таңертең алғашқылардың бірі болып  дауысын берді. Сайлау учаскесінің төрағасы Берік Матаев  92 жастағы ардагердің дауыс беруге келіп, тағы да ерлік жасағанын айтты. «Бұл учаскеде сағат 9.00-де 400 ден астам сайлаушы дауыс беріп үлгеріпті. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары, көңіл күйлері де жақсы. азаматтық парызымды атқардым», дейді майдангер. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz