Тағайындау • 20 Маусым, 2024

«Қазақстан тұрғын үй компаниясына» жаңа басшы келді

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ны енді Алтай Күздібаев басқарады. Жаңа басшыны ұжымға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин таныстырды, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясына» жаңа басшы келді

Фото: Қазақстан тұрғын үй компаниясы

Алтай Күздібаев «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша М. В. Ломоносов атындағы ММУ тәмамдаған. Менеджмент магистрі дәрежесін алған. 

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да бастап, 2009-2012 жылдары «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-де жұмыс істеді.

2012 жылғы қарашадан 2013 жылға дейін Ұлттық банктің еншілес ұйымы — «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылғы қарашадан 2020 жылғы тамызға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды. 

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның тұрғын үй блогі біріктіріліп, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ға қосылғаннан кейін Алтай Күздібаев «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.