26 Сәуір, 2015

Маңғыстауда сайлау қалыпты жағдайда өтуде (фото)

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-04-2015-aktau sailau 01АҚТАУ. 26 сәуір. Маңғыстауда сайлау қалыпты өтуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Маңғыстау облысында 177 сайлау учаскесі тұрғындардың дауысын қабылдауда. Қажетті материалдармен және жабдықпен қамтамасыз етілген дауыс беру пунктері жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 7.00-де ашылып, өз жұмыстарын бастады. Ақтау қаласындағы 29 шағын аудандағы мектепте орналасқан №148 сайлау учаскесінің ауласы әнмен тербеліп, мерекелік көңіл-күйге енген. Дауыс беруге асыққан жұрт жан-жақтан ағылуда – арасында балдағына сүйенген қарт та, баласын жетектеген жас отбасылық жұптар мен жастар да бар. «Ең бірінші сайлаушы 1949 жылы туылған Атаев Құнанбай деген азамат таңертеңгі сағат 5.45-те келіп отырды. Еліміздің Әнұранымен салтанатты жағдайда басталған сайлауда алғашқы келген адамға және ең алғаш дауыс беруші Әмірбай Заманбекке, сондай-ақ, ұлы Сағынбаев Махмут ертіп келген 1926 жылы туылған ең қарт сайлаушы атамызға демеушілер көмегімен сыйлықтар табысталды», – дейді сайлау учаскесінің басшысы Р.Аяшқызы. Екі сағат ішінде аталған учаскеге тіркелген 2 751 адамның 400-ден астамы дауыс беріпті. «Сайлау басталысымен осындамын. Ешқандай заң бұзушылық, оғаш оқиғалар орын алған жоқ», – дейді сайлау өтуінің заңдылықтарын байқаушы «Каспий» қоғамдық комиссиясының өкілі Әли Сәрсенбаев. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек, сурет: egemen.kz. 26-04-2015-aktau sailau 02   26-04-2015-aktau sailau 03 26-04-2015-aktau sailau 04