Елорда • 19 Маусым, 2024

Астанада есірткіге қарсы акция ұйымдастырылады

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 маусым - Халықаралық есірткі заттарын пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні. Осы күнге орай Астанада «Астана – есірткісіз қала!» ауқымды акциясы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада есірткіге қарсы акция ұйымдастырылады

Фото: top-fon.com

Аталған акция 22 маусымда «Хан Шатыр» СОО-да сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін, сондай-ақ Есіл жағалауындағы амфитеатрда сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Оған отандық эстрада мен спорт жұлдыздары, спорттық, вокалдық және би ұжымдары қатысады.

Іс-шараны Астана полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырады.

Акцияға қатысушыларға Кинологиялық орталықтың қызметтік-іздестіру иттерімен кинологтардың жұмысы көрсетіледі.

Сондай-ақ акцияның барлық белсенді қатысушылары үшін викториналар, спорттық жарыстар, сыйлықтар ұйымдастырылады.

Іс-шара шеңберінде елорда аумағында нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін ҮЕҰ өкілдері мен еріктілер медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталады.

Іс-шара елорда әкімдігінің, психикалық денсаулық орталығының, АИВ-инфекцияларының алдын алу орталығының, «Ренессанс» оңалту орталығының және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуымен өткізіледі.