26 Сәуір, 2015

Қарағандыда су басқан ауыл жұртының 90 пайызы сайлауға келеді (фото)

280 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

26-04-15-vybory-7

ҚАРАҒАНДЫ. 26 сәуір. Қарағанды облысындағы тасқын судың зардабын шеккен Ғабиден Мұстафин (бұрынғы Токаревка) ауылында тұратын сайлаушылардың 90 пайызы сайлауға қатысады, деп күтіліп отыр. Бұл туралы Today.kz хабарлады. Елді мекендегі сайлау учаскесі осындағы орта мектептің ғимаратында орналасқан. Бұл жерде таң азаннан келушілердің қарасы көп. Тіпті дауыс беру мерзімі басталмай тұрып-ақ сайлау учаскесі есігінің алдынде кезек құралып қалған. Кент тұрғындарының алғашқы жүз шақты адамнан тұратын легі бірінші сағаттың өзінде дауыс беріп үлгерді. Ауылдағы №271 сайлау учаскесінің төрағасы Ғаният Әбілдиновтің айтуынша, мұндай белсенділіктің бір ғана себебі бар: ауыл тұрғындары бұрыннан осылай жоғары азаматтық белсенділік көрсетіп келеді. «Мұндағы жұрт бұрыннан белсенді болатын. Ал еліміздің Президентін сайлау тәрізді аса маңызды сайлауға елді мекен тұрғындарының ешбірі бейжай қарай алмайды. Оның үстіне, биыл кенеттен орын алған су тасқыны секілді стихиялы апаттан кейін биліктің өздеріне қаншалықты орасан зор көлемде жәрдем беріп жатқанын олардың барлығы да жақсы сезініп отыр. Ендеше, еліміздің Президенті қайта сайланғалы жатқан бүгінгі күні сайлау учаскелеріне келіп, өзіміздің үнімізді білдіруге біздің бәріміз де аса ықыластымыз. Бұл тіпті біздің жәй азаматтық борышымыз орындауымыз ғана болып табылады. Біздің ауылдың жұрты осындай пікірді ұстанып отыр», - деді ол. Ал кент тұрғыны Сергей Грищенко  биыл өз өмірінде бірінші рет сайлауға қатысқалы отыр екен. Соған қарамастан, сайлауға келу не келмеу турасында күмәні болмапты. Ол да осындай қысылтаяң кезде қамқор қолын созған мемлекетке өзінің ризашылығын білдіреді. «Өзінің сайлау жөніндегі құқығын орындау – әрбір сайлаушының міндетті қызметі. Себебі, ортақ үйіміз – Қазақстанның болашағы біздің бәрімізді де толғандырады. Сондықтан да біз үшін елімізді кім басқарса да бәрібір емес. Бізге елді алда да талай асуларға бастайтын нағыз лидер керек. Біз биылғы жылы біраз қиындықтарға тап болдық. Шынымды айтсам, мен мемлекет осы апаттан зардап шеккендерге көмектеседі деп ойлмаппын. Ал берілген жәрдемнен кейін мен өзімнің қандай елде тұрып жатқанымды терең сезіне түстім. Осыдан кейін елімнің болашағы үшін дауыс беруге тиіс екеніме еш күмәнім қалмады», - деп ойын тарқатып айтты ол. Жергілікті сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, кентте қазір 1 539 ықтимал сайлаушы тұрады. Алдын ала жасалған болжам бойынша бұлардың кемінде 80-90 пайызы сайлауға қатысуға тиіс. Айқын Несіпбай. Дерек, сурет: Today.kz.

26-04-15-vybory-7-2 26-04-15-vybory-7-3 26-04-15-vybory-7-4 26-04-15-vybory-7-5