Үкімет • 17 Маусым, 2024

Тасқынды болжаудың цифрлық жүйесі әзірленеді

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқынын болжау мен модельдеудің ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша кеңес өткізді. Кеңеске Су ресурстары және ирригация, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Қаржы вице-министрлері қатысты.

Тасқынды болжаудың цифрлық жүйесі әзірленеді

Фото: primeminister.kz

Ақпараттық жүйеге төрт модуль кіреді: деректерді жинау, талдау, болжау және модельдеу. Ол «Қазақстан Ғарыш Сапары», «Қазгидромет», «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы­ның» жедел және көпжылдық деректерін пайдаланады.

Сондай-ақ жүйе су тасқыны, сел, көшкін қаупі бар учаскелер мен гидротехникалық құрылыстар бойынша ТЖМ деректер базасымен біріктіріледі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еуропалық Жерді қашықтан зондтау бағдарламасын қолдануды ұсынды. Сонымен қа­тар вице-премьер отандық цифр­лық шешімдерді қарастыруды тап­сырды.

Бұған қоса, ауқымды деректер көзін қалыптастыру үшін вице-премьер гидро және метеопостардың санын көбейтуді, су айдындары мен өзендердің батиметриясын жүргізуді, сондай-ақ су тасқыны құбылыстары жиі болатыны елді мекендердің «цифрлық рельефін» құруды тапсырды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35