Қоғам • 17 Маусым, 2024

Құрбан айт: Алғашқы тәулікте қанша мал шалынғаны белгілі болды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрбан айттың бірінші тәулігінде 20 мыңнан астам мал құрбандыққа шалынған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрбан айт: Алғашқы тәулікте қанша мал шалынғаны белгілі болды

Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі 16 маусымда ел бойынша 20 236 мал шалынғанын, 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы берілгенін мәлім етті.

Шалынған мал саны:

  • қой – 17 327;
  • ешкі – 1 597;
  • ірі қара – 1 307;
  • түйе – 5.

Құрбандық еті 62 561 отбасыға және 136 мекемеге таратылған.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және www.qurban2024.kz сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр», делінген ҚМДБ хабарламасында.