АҚТӨБЕ. 17 қаңтар. Ақтөбе өңірінде қыс жылдағыдан ертерек түсті. Соңғы кездері жапалақтап жауған қар қала көшелерін толтырып үлгерді. Осыған байланысты «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі мен қар тазарту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмысқа қызу кірісіп кетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Биыл қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 92 миллион теңге қаржы бөлініп, бұл бағыттағы шаруаларды жүзеге асыру он бес мекемеге жүктелген екен. Олар – «Тазалық», «Ақжол», «Ерхат жолдары», «Бошан трансавто», «РКДС», «Ақтөбеспецстрой», «Елім Ақтөбе», «Дорожник», «Ақтөбе – таза қала», «КТП», «АГДС», «Алға-жолсистемс», «Табыс-Ақтөбе», «Коквест» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Матай» шаруа қожалығы. Ал өткен жылы бұл шаруаларды тоғыз мекеме атқарған болатын. Қардың мол түсуіне байланысты кейбір мекемелер өздеріне қарасты аумақты тазартып үлгере алмағандықтан биыл мекеме саны өсіпті.
Қазір қалада тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, тиісті мекемелер көше қарларын тазартып жатыр. Қараша айынан бастап осы кезге дейін дейін 3 мың тоннаға жуық қар қала сыртына шығарылған.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: diapason.kz.
• 17 Қаңтар, 2015
Ақтөбеде қар тазалау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10