26 Сәуір, 2015

Қазақстанның барлық аймақтарында сайлау учаскелері ашылды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26-03-15-vybory-1

АСТАНА. 26 сәуір. Бүгін таңғы сағат 07-00-де еліміздің барлық аймақтарында кезектен тыс Президент сайлауының дауыс беру учаскелері ашылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-00-ден 20-00-ге дейін өтеді. «Бүгінгі таңда бізде 9 741 сайлау учаскесі сайлауға толық дайын. Олар кадрлық, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов. Қазақстан Президенті сайлауының алдын ала қорытындысы 27 сәуірде жарияланады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиялары 12 сағаттың ішінде дауыстарды санауға міндетті. Құрыш Нұрымбет. Дерек, сурет: ҚазАқпарат.