Туризм • 14 Маусым, 2024

Бурабайға қатынайтын пойыздарда жолаушылар саны артты

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Бурабай курортына қатынайтын пойыздарда 125 мың жолаушыны тасымалдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бурабайға қатынайтын пойыздарда жолаушылар саны артты

Фото. «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Өткен жылы тасымалданған жолаушылар саны 86,2 мыңнан асты. Үш жыл бұрын (2020 жылы) небәрі 10 мың жолаушы тасымалданғанын айта кету керек.

Биыл Ұлттық тасымалдаушы «Астана - Бурабай курорты» бағыты бойынша электр пойызының жүру уақытын қысқартты. Енді жолаушылар алдыңғы 4 сағаттың орнына жолға тек 2,5 сағат жұмсайды.

Электр пойызы аптасына 5 рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.

Одан бөлек күн сайын Бурабай бағытына қарай №6829/6830 «Астана - Көкшетау» электр пойызы да қатынайды.

№6829/6830 «Астана - Көкшетау», Nº7553/7556 «Қарағанды - Астана - Бурабай курорты», №6811/6812 «Қарағанды - Астана - Бурабай курорты» электр пойыздары Астана-1 станциясы вокзалынан, Nº7507/7508 «Астана - Көкшетау» электр пойызы Нұрлы Жол вокзалынан қатынайтын болады.

Билеттер құны - 2 271 теңгеден 2 943 теңге аралығында.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту бойынша кеңес өткізген еді. Президент Бурабай курорты аумағында орналасқан жаңа туристік аймақтарды дамытуды тапсырды.

 

Алтынай АБДЫШ

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті