Спорт • 14 Маусым, 2024

Бес мемлекеттің былғары қолғап шеберлері Жаңаөзенде сынға түсті

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 8-12 маусым аралығында Жаңаөзен қаласы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде бокстан спорт ардагері, жаттықтырушы Ақылбек Теміровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Бес мемлекеттің былғары қолғап шеберлері Жаңаөзенде сынға түсті

Дүбірлі додаға Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Олар бес күн бойы өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, Әлем чемпионы Ердос Жаңабергенов, Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Халықаралық спорт шебері Ерік Әлжанов, Олимпиада ойындарының қатысушысы, Қарулы күштер арасындағы Әлем чемпионы Берік Әбдірахманов, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, Маңғыстау облысы бокс федерациясының өкілдері мен Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев қатысты.

Бокс

Жарыста 2010-2011 жылдары туған жастар 17 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды. Жарыс жеңімпазы атанған спортшыға арнайы белбеу тағылды.

Ауқымды турнирді ұйымдастыруға «Халық» қайырымдылық қоры мен «Бірлік» қоғамдық бірлестігі демеушілік етті.

Айта кетейік, «Халық» қайырымдылық қоры бұған дейін Маңғыстау облысында спорт инфрақұрылымын дамытуға үлес қосқан болатын. Сондай-ақ осы қордың демеушілігімен 2025 жылға дейін Жаңаөзен қаласында үлкен спорттық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салыну жоспарланып отыр. Аталған қор есебінен салынатын кешенге 1 млрд теңге қаржы бөлінген.

Бокс

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25