25 Сәуір, 2015

Хоккей. Қазақстан әлем чемпионатындағы барлық ойынында жеңіске жетті (фото)

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-04-2015-kaz hockey 02АСТАНА. 25 сәуір. Хоккейден әлем чемпионатының І дивизионында бақ сынаған Қазақстан құрамасы барлық ойында жеңіске жетті. Соңғы кездесуін бүгін топтағы басты қарсыласы саналған Италияға қарсы өткізіп, 3:0 есебімен басым түсті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Андрей Назаровтың шәкірттері 7-минутта есеп ашты. Командасын алға шығарған – Евгений Рымарев. Ал қалған екі гол үшінші кезеңде соғылды. 46-минутта Талғат Жайлауов мергендігімен көзге түссе, 54-минутта Алексей Воронцов буллит арқылы есепті 3:0-ге жеткізді. Осымен құрамамыз аталған сындағы барлық ойында жеңіске жетті. Тек Польшаға қарсы кездесуде ғана бір шайба айырмасымен басым түскен Қазақстан қалған матчтардың барлығында қарсыластарын ірі есеппен сан соқтырды. Нақты айтар болсақ, Украинаны 5:2, Венгрияны 5:0, Жапонияны 7:2 және Полшаны 3:2 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде келесі жылғы әлемдік додада элиталық дивизионда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Аталған сайыс 2016 жылы Ресейдің Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында өтеді. Тағы бір ерекше айтып өтер жайт, қақпашымыз Павел Полуэктов чемпионат барысында екі ойында қақпасына гол жіберген жоқ. «А» тобынан элиталық дивизионға берілер екінші жолдаманы бүгін түнде Венгрия мен Польша сарапқа салады. Әлем чемпионаты І дивизионының «А» тобындағы ойындар Польшаның Краков қаласында өткенін естеріңізге сала кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: facebook.com. 25-04-2015-kaz hockey 04 25-04-2015-kaz hockey 05 25-04-2015-kaz hockey 06 25-04-2015-kaz hockey 03