Аймақтар • 11 Маусым, 2024

Қостанайда бір күнде екі бала суға батып кетті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында суға бату бойынша бір күнде екі оқиға тіркелді, деп жазады Egemen.kz Қостанай облысының ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Қостанайда бір күнде екі бала суға батып кетті

Фото: aikyn.kz

Қайғылы жағдай Арқалық қаласы, Лекер ауылында болды. 2003 жылғы жас жігіт Торғай өзенінің арнайы шомылуға жабдықталмаған аумағына түскен. Құтқарушылар баланың мәйітін өзен түбінен алып шықты.

Екінші жағдай Қостанай қаласы, Амангелді ауылында болды. Тобыл өзенінің жағасынан жасөспірім баланың ұялы телефоны мен велосипеді табылған еді. Оқиға орнында жедел құтқару жасағының іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде өзеннен 2010 жылғы баланың мәйіті табылды.

Алдағы уақытта осындай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін су айдындарында төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:

  • Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар;
  • Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз;
  • Қоршау белгілерінен тысқара аумаққа шықпаңыз;
  • Құтқарушыларға жалған дабыл бермеңіздер.

 

Ерлан КИІКБАЙ,

ЕҰУ студенті