17 Қаңтар, 2015

20 күнде 1684 автокөлік

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сот орындаушыла­ры Ақ­мо­ла облыс­тық ішкі істер департа­­ментінің әкімші­лік полиция қызмет­кер­лерімен бірлесіп, осынша көлікті айып­пұл алаңына тоғытты. Құ­қық қорғаушылар мұндай ­нә­ти­жеге «Бо­рышкер» арнайы опера­циясы­ның нәти­жесінде қол жет­кізді. Соңғы 20 күн бойы әкім­шілік полицияның жол-патрульдік по­лициясы мен облыстағы сот үкімдерін орын­даушы қызмет­керлер кү­шейтілген режімде жұ­мыс атқаруда. Осының нәти­же­сінде автокөлік жүргізу­ші­лердің көпшілігі әкімшілік айыппұлдан жалтаруға бейім тұратыны анықталды. Облыстық әділет департа­ментінің баспасөз қызметі шара басталғалы 1684 автокөлік айып алаңына қойылып, көлік жүргізушілерінен 118 миллион теңге айыппұл мемлекеттің бюджетіне төленгенін хабарлады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.
Соңғы жаңалықтар

Жошының жорығы мен жосығы

Мирас • Бүгін, 12:55