Оқиға • 11 Маусым, 2024

Алматыда қойма өрті іргелес нысандарға қауіп төңдірді

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда есіктер сақталатын қойма өртеніп, маңындағы көршілес нысандарға қауіп төнді, деп хабарлайды Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда қойма өрті іргелес нысандарға қауіп төңдірді

Фото: ТЖМ

Қалалық ТЖД мәліметінше, 11 маусымда сағат 10:15-те Жетісу ауданында өрт туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер 80 шаршы метр аумақта есіктерді сақтайтын қойма өртеніп жатқанын анықтаған. Өрттің жақын маңдағы қоймаға таралу қаупі болған.

Оқиға орнына 52 адам жіберілген.