«Таза Қазақстан» • 11 Маусым, 2024

Өзен жағалауы қоқыстан тазартылды

87 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Ақтөбе балықшылары» еріктілер қозғалысы, «Amanat» пар­тия­сы­ облыстық филиалының «Жастар рухы» жас­тар қана­ты, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы мүшелері суқоймасы, өзен жағалауы мен шомылатын орындарды тазартты.

Өзен жағалауы қоқыстан тазартылды

«Жасыл ел» еңбек жаса­ғы­­­ның 100-ге жуық мүшесі су­қоймасы мен өзен жаға­лау­ла­рынан 150 тонна қоқыс жинап, қалалық полигонға апарып төкті. Мұнымен бір кезде еңбек жасағының бір топ мүшесі қаладағы «Ғашықтар аллеясын» тазартып, осы жерден 40 тонна қоқыс шығарды.

Үш өзеннің бойында бір­неше қоғамдық жағажай бар. Бұл жер­лерге суға түсуге келген ағайын тамақ қалдықтарын, плас­тик құтыларды тастап ке­те­ді. Жаздай, қыстай жиналған тұр­мыс­тық қалдықтар көктемде су келгенде төңіректі түгел лас­тайды. Оның үстіне, биылғы су тасқы­нынан кейін тал-терек­тің арасы қураған шөптер мен­ сынған бұтақтарға толып қал­ды. Қураған шөп пен қоқыс күн ысығанда өрттің шығуына себепші.

«Жасыл ел» жастар еңбек жа­сақтары облыстық штабы және «Атамекен» студенттік отрядтар бірлестігінің төрағасы Нұржан Шаңғытбаевтың айтуынша, биыл «Жасыл ел» жасағына 1860 жас­ты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Олар абаттандыру, көгалдандыру және құрылыс отрядтарында бір ай еңбек етіп, 130-160 мың теңге аралығында жалақы алады.

«Су тасқынына байланысты биыл жұмысты ерте бастадық. Еңбек жасағына сәуір айында облыс орталығынан 38 жұ­мыссыз жас тартылып, олар тасқыннан зардап шеккен зейнеткерлер үйлерін тазартуға көмектесті. Үш айдан бері «Таза қала», «Таза жағалау» акция­сы аясында қала көшелері, өзен жағалаулары, қараусыз қалған қо­ғамдық жағажайларды тазарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Еңбек жасағы мүшелерінің тағы бір тобы қазіргі уақытта көшеттерді күтіп-бап­тай­ды­ және көгалдандыру жұ­мыс­­та­рымен айналысады. Сәуір, мамыр, наурыз айларында «Жа­сыл елде» 918 жас жұмыс істе­се, шілде айында 596 бала қабыл­да­нады.

Еңбек жасағында абаттан­дыру, көгалдандыру және құры­лыс саласы бойынша бір­неше шағын жасақ құрылды. Көгалдандыру жұмыстарына тартылғандар орман шаруа­шылығы мекемелеріне қарасты тәлімбақтарда жұмыс істеп, 130 мың теңге жалақы алады. Абаттандыру бағыты таза­лық жұмыстарын қамтиды. Сенбілікке белсенді шығып жатқан осы жасақ құрамында­ғы балалар. Бұл жерде еңбек ететіндер 150 мың теңге жала­қы алса, құрылыс жұмыстары­­на тартылғандар 160 мың тең­ге алады. Бірақ құрылысқа ­18 жастан асқандарды аламыз», дейді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары облыстық штаб же­текшісі Нұржан Шаңғытбаев.

«Жасыл ел» жасағына ­16-35­ жас арасындағы кез келген адам мүше бола алады. Оның құрамында мектептің жоғары сынып оқушылары, жұмыссыз жастар, ЖОО және орта арнаулы кәсіптік оқу орындары студенттері бар. Бір ерекшелігі, бір бала бір ай ғана еңбек етеді. «Жасыл ел» қатарына жазылғысы келетін балалар саны өте көп болғандықтан, еңбек еткісі келген бар балаға мүмкіндік беру керек.

Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Әйтеке би, Ойыл, Қобда, Темір аудандарында баспана құрылыстары бас­талды. «Жасыл ел» жасағының бір бригадасы қазір Ойыл ауда­­­­нын­дағы құрылыста жүр. Облыс орта­лығында үйлерін су басқан тұрғындар үшін әзірше құрылыс бас­тал­­ған жоқ. Егер құрылыс қазы­ғы­ қадал­са, көмекке «Жасыл ел» ең­бек жасағының бір бригадасы әзір тұр.

«Таза Қазақстан» рес­пуб­­­­­ли­калық акциясы аясын­да­ елі­мізде өтіп жатқан сенбі­лік­­­терге Ақтөбе облысының ауыл тұрғындары осылайша бел­сенді қатысып жатыр. Өткен сенбілікке бір мезгілде мыңнан астам ақтөбеліктің шығуы туған жерінің табиғатына бейжай қарамайтындардың көп екендігін көрсетеді. Айта кетерлік бір мәселе – адамдарымыз қоқысты көшеге тастамау мәдениетін бойларына сіңірсе, әр апта сайын қаладан да, даладан да тонна-тонна қоқыс шықпас еді.

 

 Ақтөбе облысы 

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32