Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ө.Шөкеев қордың қазіргі қызметі мен негізгі бағдарламаларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.
Мемлекет басшысы қазіргі экономикалық жағдайда қордың тиімді әрі орнықты жұмыс істеуі маңызды екенін айтты.
– Еліміздің экспорттық тауарларына баға төмендеген кезеңде жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз еткен жөн. Осы орайда жоспарланған жекешелендіру, активтерді қайта құрылымдау бағдарламаларын, шығыстарды қысқартуды және табысты ұлғайтуды қамтитын шараларды сапалы жүзеге асыруды жалғастыру маңызды болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті қордың 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын қайта қарауды, сондай-ақ, дағдарысқа қарсы арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды.
Ө.Шөкеев шығыстарды қысқартуға бағытталған, стратегиялық маңызы төмен бірқатар инвестициялық жобаларды тоқтатуды қамтитын шаралар туралы айтты.
– Биыл біз өнімдеріміздің өзіндік құнын 7,8 пайызға, барлық ағымдағы және әкімшілік шығындарды 20 пайызға, сондай-ақ, инвестициялық бағдарламаларды 18 пайызға төмендетуді жоспарладық, – деді басқарма төрағасы.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Кендірлі әуежайы 2027 жылы толық іске қосылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47