Тағайындау • 10 Маусым, 2024

Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды

фото: instagram.com/bagdatmussin

Компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев Мемлекет басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

«Бағдат Мусинге Қордың ең маңызды активтерінің бірін басқаруда үлкен табыс тілеймін. Сондай-ақ Қуанышбек Есекеевке еліміздің ең ірі телекоммуникациялық компаниясын 14 жылдан астам табысты басқарғаны үшін алғыс білдіремін. Қордың негізгі компанияларының бірі - «Қазақтелеком» АҚ-ның дамуына бірінші басшысы ретінде қосқан үлесіңіз шексіз», деп атап өтті қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Еске сала кетейік, бір ай бұрын Бағдат Мусин Мемлекет басшысының жарлығымен лауазымынан босатылған еді.

Соңғы жаңалықтар

Күзгі қомырған

Мирас • Кеше

Иткөйлек

Оқиға • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Жастар белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» • Кеше