Аймақтар • 10 Маусым, 2024

БҚО-да тамыз айының соңына дейін 90 үй салынады

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою мақсатында үйлердің құрылысын жеделдетіп жатыр. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында тамыз айының соңына дейін 90 үй салынады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҚО-да тамыз айының соңына дейін 90 үй салынады

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 90 үйдің құрылысы жүріп жатыр.  Құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады.  Сонымен қатар 13 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Аталған министрліктің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 3 332 нысанға техникалық зерттеу жүргізілген.  Зерттеу нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

- 401 тұрғын үй салу;

- 1 497 үй сатып алу;

- 1 434 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.