Қалай білмей жүргенбіз?.. «Казталов ауылында адам табиғатында сирек кездесетін жүрегі оң жақта орналасқан азамат бар», деген әңгімені естігенде сенбедім. Ал ол кім дейсіз ғой?... Аудандық кітапхана ғимаратында күзетші болып істейтін Талап Нығметовтің 36 жасқа толып кеткен Амангелді деген ұлы.
Ағаның үйіне бардым. Зайыбы Роза апай қарсы алды. Келген шаруамды айтқаннан кейін: «Иә, бәрі дұрыс, баламыздың жүрегі оң жақта. Басқа балаларымдай ержетті. Қазіргі күнде отбасылы. Орал қаласында тұрады. Денсаулығында еш айырмашылық жоқ», – деді.
Апайдан кейін Талап аға әңгімеге араласты. «Мынандай қызық айтайын, – деді. – Амангелдінің 10 жастағы кезі. Балам қораның жанында ойнап жүрген. Сол кезде ауылдағы тентек бұқа іргесіне су кетіп тұрған қораның жанына сүйкенді. Құлағалы тұрған қораның жақтауы бұқаның күшіне шыдасын ба? Қабырға баланың үстіне құлады. Оны топырақтың астынан шығарған соң, дәрігерге алып бардық. Жаңадан келген жас хирург Ораз Сариев баланың жүрегін тыңдады. Жүрек соқпағаннан кейін, ол шошып кетті. Мән-жайды және баланың есепте тұрғанын білгеннен кейін ем қабылдады. Осы қызық жайт есімізде қалды».
Қазіргі күнде Амангелді құрылыс жұмысында істеп жүр екен. Бірақ, айтуынша денесіне күш түсетін көрінеді. Өйткені, жүрегі оң жақтағылар солақай болуы керек екен. Сонда денеге күш түспейді деген ұстаным бар.
Бұдан кейін Казталов орталықтандырылған аурухана директорының орынбасары Ботагөз Ғұмарованы әңгімеге тарттық.
– Амангелді Нығметов дәрігерлік есепте тұрады. Жыл сайын байқаудан өткіземіз. Денсаулығы қалыпты. Мұндай жағдайлар адамдарға тұқым қуалаушылық арқылы беріледі. Ауданымызда жүрегі оң жақта орналасқан бір ғана адам осы азамат болып табылады.
Адам баласының қуанғанда, қайғырғанда жүрегі атша тулайды. Сол кезде бәрі де сол жағын ұстайтыны анық. Амангелдіге денсаулығың мықты болсын дейміз.
Гүлфия КӨШБАЕВА,
журналист.
Батыс Қазақстан облысы,
Казталов ауданы.

Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10