Теннис • 07 Маусым, 2024

Әмірге Париж қол соқты

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның сақа теннисшілері үшін Париждегі «Ролан Гаррос» турнирі аяқталғанымен, жасөспірімдер буыны арасындағы «French Open» бәсекесінде Әмір Омарханов табысты өнер көрсетіп жатыр.

Әмірге Париж қол соқты

Ресейдің өкілі Тимофей Дере­паскомен жұп құрған қандасымыз бастапқы бәсекелердің барлығын жеңіспен аяқтап, ширек финалда Томас Фурель (Франция) және Лука Предамен (Румыния) күш сынасты. Бұл тартыс 6:4, 4:6, 12:10 есебімен алғашқыларының пайдасына шешілді. Бір айта кетерлігі, шешуші тұста олар қарсыластарынан 6:9 есебімен жеңіліп жатып, үш матчболда озық шықты. 

Сөйтіп, Әмір Омархановтың есімі жасөспірімдердің «Үлкен дулыға» турнирінің жарты­лай финалына дейін жеткен Қазақстанның үшінші теннисші ретінде спорттық шежіреге жазылды. Алғаш рет бұл межеге 1997 жылы Ирина Селютина жетті. Ол зимбавелік Кара Блэк екеуі «Ролан Гаррос» пен «Уимблдонда» бас жүлдені олжалап, АҚШ-тың ашық біріншілігінің ақтық сынында өнер көрсетті. Ал 2005-2006 жылдар аралығында Әмина Рақым Парижде финалға, Нью-Йорк пен Мельбурнде жартылай финалға шықты.