Фото: ІІМ
Олар жоғарыда аталған мәселелерді алға тартып, азаматтан жедел әрекет етуді талап етіп, психологиялық қысым жасайды.
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды
«Осыдан кейін азаматтарға «мамандар» немесе «құқық қорғау органдарының қызметкерлері» хабарласатыны айтылып, олардың нұсқауларын бұлжытпай орындау талап етіледі. Салдарынан алаяқтар адамдардың ақшасын алып, оны «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң, байланыс бірден үзіледі», делінген ІІМ таратқан хабарламада.
Баспанаға қатысты жаңа алаяқтық схема: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Айта кетейік, қаскүнемдер заманауи технологияларды кеңінен қолданады. Соның ішінде нөмірді ауыстыру, дауысты өзгерту сияқты тәсілдермен азаматтардың сеніміне кіріп, қырағылығын көрсетуге тырысады.
Ал ІІМ банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін ескертіп отыр.
Чекті кассада қалдырмаңыз: Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті