Фото: egemen.kz/Ерлан Омар
Ол ісіне азаматтарды тарту үшін Instagram арқылы өзін әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу жөніндегі маман ретінде таныстырып, жәрдемақы көлемін арттыруға көмектесетінін уәде еткен.
Схеманы жүзеге асыру үшін туыстары мен таныстарының атына нақты қызмет жүргізбеген бірнеше жеке кәсіпкер тіркелген.
«Жеке кәсіпкерлер мен тартылған тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, бухгалтер жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, есеп айырысу тізімдемелері, еңбек шарттары және өзге де бухгалтерлік құжаттарды дайындап, заңды еңбек қатынастары бар деген жалған мәлімет жинақтаған», делінген ҚМА хабарламасында.
Ірі көлемде қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды
Осы жалған мәліметтердің негізінде уәкілетті органдар жәрдемақыларды негізсіз жоғары мөлшерде тағайындаған.
Кейбір кәсіпкерлер төлемдерді алғаннан кейін бұрын аударылған зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды кері қайтаруды рәсімдеген.
Нәтижесінде мемлекетке 146 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
Тергеу барысында айыпталушының қылмыстық жолмен иемденген қаражатқа сатып алынған үш бөлмелі пәтерін қолдануға тыйым салынды.
Абай облысында мектеп директоры «Даму бала» арқылы қаржы жымқырған
Сот үкімімен оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Пәтер мемлекет кірісіне тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енді.