ANTIKOR • 06 Маусым, 2024

Алматыда Спорт басқармасы «жалған жұмысшыларға» ақша төлеп келген

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Алматы қалалық Спорт басқармасының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда Спорт басқармасы «жалған жұмысшыларға» ақша төлеп келген

Фото: kazpravda.kz

Спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлері 56 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру бойынша күдікке ілінді. Олар бұл әрекетін іс жүзінде қызмет етпеген «жалған жұмысшыларға» жалақы есептеу арқылы жүзеге асырып келген.

«Бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемдену және ысырап ету фактісі бойынша Алматы қалалық Спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервті даярлау орталығының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», делінген ANTIKOR хабарламасында.