Ауа райы • 06 Маусым, 2024

Екі қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер бүгін, 6 маусымда Қазақстанның екі қаласында қолайсыз ауа райы болатынын болжап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Екі қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болады

фото: pixabay

«Алматы қаласында және түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.