Саясат • 05 Маусым, 2024

2025 жылы аудан, облыс әкімдерін қайта сайлау өтеді

94 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» атты мақаласында елде жүргізіліп жатқан реформаларға түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

2025 жылы аудан, облыс әкімдерін қайта сайлау өтеді

Фото: gov.kz

Ерлан Қарин реформаларды жүзеге асыруға айтарлықтай күш пен уақытты қажет екенін тілге тиек етіп, Қазақстан реформалар жолымен сенімді қадам басып келетінін алға тартты.

«Соңғы бес жылда Қазақстанның әртүрлі салаларында түбегейлі және жүйелі өзгерістер болды. Негізгі саяси реформаларға мыналар жатады:

  • Конституциялық Сотты нығайту: Конституциялық Соттың құрылуы сот жүйесін нығайтты.
  • Президенттік өкілеттіктерін азайту: Президенттің өкілеттігі азайып, Парламенттің рөлі кеңейтілді.
  • Саяси партияларды тіркеуді жеңілдету: Тіркеудің жеңілдеу процесі саяси әртүрлілік пен бәсекелестікті ынталандырады.
  • Жергілікті әкімдердің тікелей сайлауы: 2021-2023 жылдардағы сайлауда басшылық құрамы айтарлықтай жаңарып, алғаш рет ауыл әкімдері тікелей сайланды. Аудан және облыс әкімдерінің кезекті сайлауы 2025 жылдан басталады», деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Бұл реформалар Қазақстанның саяси ландшафтын жаңартып қана қоймайды, сонымен қатар аймақтағы демократиялық эволюция тенденциясын дамыта отырып, көршілес елдерге үлгі бола бермек.

«Саяси өзгерістермен қатар Қазақстан өз азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық бастамаларды көтерді. Бұл бастамалар нақты пайда бере бастады: Ең төменгі жалақыны екі есеге арттыру. Бұл шара 1,8 миллион адамның кірісін тікелей арттырды. Негізгі мамандықтардың жалақысын көтеру: мұғалімдердің, дәрігерлердің және ғалымдардың жалақысы айтарлықтай көтерілді, сонымен қатар әлеуметтік қорғау күшейтілді. Тұрғын үй және денсаулық сақтау үшін зейнетақы қорларын пайдалану: енді азаматтар өздерінің зейнетақы қорларының бір бөлігін тұрғын үй жағдайлары мен денсаулығын жақсарту үшін пайдалана алады, бұл бастаманың игілігін миллионға жуық адам көрді. Ұлттық инфрақұрылымдық жобалар: «Жайлы мектеп» және «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» сияқты бағдарламалар бүкіл ел бойынша жүздеген мектептер мен денсаулық сақтау нысандарының салынуына септігін тигізді», делінген мақалада.

 

Ерлан КИІКБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті