Аймақтар • 05 Маусым, 2024

Құлсарыда тасқын кезінде бүлінген жолдар қалпына келтіріліп жатыр

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың айтуынша, қазіргі уақытта қаланың тасқын кезінде бүлінген ықшам аудандарында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметіне сілтеме жасап.

Құлсарыда тасқын кезінде бүлінген жолдар қалпына келтіріліп жатыр

Фото: Видеоскрин

«Тасқын судан зардап шеккен ықшам аудандардың инфрақұрылымын қалпына келтіру басталды. Мәселен, қазіргі уақытта «Автожолшылар 2» ықшам ауданында асфальт жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды», деді Жылыой ауданының әкімі.

Оның айтуынша, жоспарланған басқа да жұмыстар қосымша жүріп жатыр. Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын, қасбеттерін қайта жаңғырту, тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңғырту және жаңадан салу жұмыстары жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32