Президент • 04 Маусым, 2024

Президент Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілін қабылдады

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Қайрат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілін қабылдады

Фото: Ақорда

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Омаровқа Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты міндет жүктеді.

Президент аталған әмбебап ұйыммен дәйекті жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап өтті.