Қоғам • 03 Маусым, 2024

Фантастика оқитындар көбейді

18 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балаларды қорғау күні аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі 249 балалар кітапханасы арасында оқырмандар сұранысына талдау жүр­гізді. Биыл жас оқырмандар саны 1 733 686 адамға жеткен.

Фантастика оқитындар көбейді

Сауалнама нәтижесі бойынша бала­лар­дың кітапханаларға деген қы­зы­ғушы­лығы артып келеді. Олар әсіресе фан­тастика, комикстер мен көркем әдебиет оқы­ғанды ұнатады.

Ең көп оқылатын Бердібек Соқпақбаевтың «Ба­ла­лық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», Сайын Мұ­рат­бековтің «Жабайлы алма», Жоан Роулиңнің «Хәрри Поттер», Марк Твеннің «Том Сойер» шығар­малары болды.

Одан бөлек Баянғали Әлімжанов, Толымбек Әбдірайым, Зира Наурызбаева, Серікбол Хасан, Зауре Төрехан, басқа да авторлардың туындыларын жеткіншектер қызығушылықпен оқыған.

Балалар сүйіп оқитын басылымның бірі – комикс­тер. Жас оқырмандар Ұларбек Нұрғалымұлының «Ілияс пен Заңғардың планшеті», Оразхан Жақыптың «Еркетай», Ілияс Юсуфтың «Керей мен Жәнібек» шы­ғармаларын, сондай-ақ Майк Барфилдтің «Ко­микстегі әлем тарихы», «Комикстегі жаратылыстану» аудармасын ұнатады.

Ертегілерге келсек, «Қазақ және әлем халқының ертегілері», «Авторлық ертегілер», «Алатау ертегі­лері» «Таңдаулы ертегілер», Чарльз Перро мен Ағайын­­ды Гриммдердің ертегілері көп сұралады екен.

Ал бала оқырманы көп өңірлердің көш басында Түркістан облысы тұр. Аталған өңірде 248 299 оқырман (14,3 пайыз) бар. Жамбыл облысында 110 598 (6,4 пайыз), Қарағанды облысында 105 259 (6,1 пайыз) оқырман кітап оқиды.

Айта кетейік, еліміздегі балалар кітапха­нала­рының қызметі баланы тәрбиелеуге, білім беруге, ақ­параттандыруға, тұлғалық дамытуға бағыт­талған.