Әлем • 03 Маусым, 2024

Корея кітапханасына сыйлық

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Орталық мемле­кет­тік кітапханасының қоры қазақша кітап­тар­мен толықты. Рухани мұра­ларды елі­міз­дің Кореядағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрғали Арыстанов табыс етті.

Корея кітапханасына сыйлық

Фото: el.kz

Енді жергілікті оқырмандар хакім Абай шығармашылығымен танысып, Қаныш Сәтбаев туралы мағлұматқа қанығып, Қазақс­тан тарихын, мәдениеті мен өнерін, сондай-ақ Президент қызметі туралы тереңірек біле алады.

Аталған кітапханада 14 миллион 250 мың­нан астам кітап пен 19 миллионнан астам цифрланған материал сақталған. Ондағы мамандар кітапхана ісіне жаңа технологияларды енгізу тәжірибесімен бөлісуге дайын.

«Делегациялармен алмасуға келістік. Жақын арада кітапхана мамандары деле­гация жіберіп, Қазақстандағы әріптес­терімен өздерінің озық технологияларымен бөлісетін болады. Одан кейін біздің кітапханашыларға осы жерде тренингтер өткізіп, маман даярлауға да өз ниет­терін білдіріп отыр», дейді Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және өкі­летті елшісі Нұрғали Арыстанов.

 

Соңғы жаңалықтар

Ең қиын есеп шешімін табады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Кофе жасартады

Таным • Бүгін, 08:30

Астанада – әлем кубогі

Бокс • Бүгін, 08:25

3 тұрғыны бар мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сөз қазынасын зерделеген

Тұлға • Бүгін, 08:15