Осыдан тура бір жыл бұрын, яғни 2014 жылдың 24 сәуірінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесі қалашығының құрылыс алаңына капсула салып, болашақ кешенді құрылыстың іргетасын қалаған болатын. Кеше осы шараның бір жылдығына байланысты «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамы қазақстандық БАҚ өкілдерінің көрме қалашығы құрылысы алаңына баспасөз сапарын ұйымдастырды.
Астана қаласының сол жағалауында орналасқан көрме қалашығының аумағы 174 гектар жерді алып жатыр. Оның ішінде 25 гектар аумақ ЭКСПО-2017-нің нақты нысандарына, атап айтқанда, Ұлттық павильон «Үздік тәжірибелер аумағы» павильоны көрмеге қатысатын 100-ден аса ел орналасатын павильондар және тақырыптық павильон кешендері құрылысына бөлінген.
Атшаптырым аумақты алып жатқан ғасыр құрылысы алаңында жұмыстың нағыз қызған шағы екен. Қай жағыңа қарасаң да, ашық аспанға мойын созған тырналардай бой жарыстырған мұнара крандарынан көз сүрінеді. Бір шетінен екінші шетіне дейін көз талатын осы бір аумақты құрылыс алаңында дәл қазір 60 мұнара краны жұмыс істеп тұр. Бүгінге дейін ғасыр құрылысы алаңында Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің 38 нысанының іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс алаңында 3 500 адам еңбек етуде.
Жалпы, ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемнің 100 елінің өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дейін Астанада өтетін жаһандық көрмеге қатысатындығын 23 мемлекет және 3 халықаралық ұйым ресми түрде растады. Олардың арасында Германия, Түркия, Израиль және Үндістан сияқты мемлекеттер бар. Сонымен бірге, 9 мемлекет бұл көрмеге қатысатындығын ауызша растап отыр.
Көрме қалашығы құрылыс алаңында өткен баспасөз сапары барысында журналистер көрме нысандарының құрылысын салу жұмыстарының барысымен жан-жақты танысты. Құрылыс алаңындағы сапардан кейін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Омаров, акционерлік қоғам басқарма төрағасының кеңесшісі Қанағат Тілемісов және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-тың департамент директоры Ержан Мейрамов журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Жаһандық көрме қалашығының нысандары бой көтеретін ғасыр құрылысы алаңында атқарылып жатқан кешенді жұмыстар хақында газетіміздің алдағы сандарында жарық көретін арнаулы бетте кең көлемде мағлұмат берілетін болады.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06