Кеше Астанада «Жылдың үздік ауыр атлетшісі» атағының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты.
Бұл сыйлықты кезінде «Ауыр атлетика әлемі» журналының негізін қалаған әрі соның бас редакторы болған Йено Боскович тағайындаған болатын. Содан бері ол жыл сайын дәстүрлі түрде ерлер мен әйелдер арасындағы ең үздік ауыр атлетшіге беріліп келеді. Биылғы жылы айтулы атаққа қазақстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин мен ресейлік Олимпия ойындарының чемпионы Татьяна Каширина ие болды.
Үздік спортшылар Халықаралық ауыр атлетика федерациясының «Worldweigthing» (Ауыр атлетика әлемі) журналы ұйымдастырған интернет-дауыс беру арқылы анықталды. Онда әлемнің 46 елінен 2 000-ға жуық дауыс тіркелді. Сөйтіп, дауыс берудің қорытындысы 13 наурыз күні шығарылып, 2014 жылдың үздік ауыр атлетшілері болып жоғарыда аталған спортшылар танылды. Дауыс саны бойынша әйелдер арасындағы екінші орынды әлемнің үш дүркін чемпионы, қазақстандық Зүлфия Чиншанло иеленді. Үшінші орын Қытай спортшысы Денг Вейге берілді. Ал ерлер арасындағы үздік ауыр атлетшіге дауыс беруде екінші орын Олимпиада, әлем чемпионы Ляо Хэйге бұйырды. Үшінші орынға ресейлік Руслан Албегов ие болды.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Томаш Аян және IWF бірінші вице-президенті Нику Влад, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының президенті Тимур Құлыбаев қатысты. Онда Томаш Аян Халықаралық ауыр атлетика федерациясының сыйлығы екінші жағынан «Йено Боскович атындағы Кубок» деп аталатынын, осы Кубокта спортшының есімі жазылатынын атап өтті.
Бұл сыйлықты отандастарымыз алғаш рет алып отырған жоқ. 2005 және 2006 жылдары Илья Ильин айтулы номинацияның екі мәрте лауреаты атанған болса, 2010 жылы сыйлықты Светлана Подобедова, 2013 жылы Зүлфия Чиншанло алған болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ,

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06