Ауа райы • 31 Мамыр, 2024

Елімізде 35 градусқа дейін ыстық болады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 35 градусқа дейін ыстық болады

Фото: tolqyn.kz

Мамандардың болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген өңірлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Тек еліміздің оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

«Температуралық фонға келетін болсақ, жаз ел аймақтарына өз әсерін тигізеді. Мәселен, республиканың солтүстігі мен орталығында ауа температурасы біртіндеп 17-27 градусқа дейін жылынады, ал елдің оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін ысиды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар