«Таза Қазақстан» • 30 Мамыр, 2024

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

81 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірдегі орман алқаптары мен саябақтар, өзен-көл жағалауларын тазарту жұмысы жалғасып жатыр. Мамыр айының соңғы күндері облыстың он шақты ауданында жалпыхалықтық тазалық сенбіліктері өтті.

Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы

Мысалы, Әулиекөл ауылында өткен санитарлық тазар­ту акциясына мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қыз­меткерлері, еріктілер, ауыл тұр­ғындары, кәсіпкерлер бар – ұзын-ырғасы 180-нен аса адам қа­тысты. Туған жерді абаттандыру, қоршаған ортаға қам­қор­лық таныту бағытындағы игі іс-шараларға жергілікті шаруа қо­жалықтары техникаларын бөліп, қоқыс үйінділерін шығарысуға атсалысып жатыр.

Өткен сенбілікте аудан тұр­ғындары Әулиекөл ауылының солтүстігіндегі орман-саябақты қоқыстан тазартып, көбіне жас­тар келіп бас қосатын демалыс аумағын ретке келтіріп қойды.

а

«Таза Қазақстан» жалпы рес­публикалық акция­сына Әулиекөл ауданының тұр­ғындары екі айдан бері бел­сенді қатысып жатыр. Еңбек ете жүріп, ауылдас­тармен әңгі­ме­лесіп, бой жазу да бір ғани­бет қой. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен­дей, елімізді абаттан­дыру, көгалдандыру – үл­кен мем­лекеттік мәні бар маңызды іс. Әрбір адам айналасын таза ұстап, тал егіп, туған жердің табиғатына қамқорлық көрсетуді өмір салтына айналдыруы керек. Тазалық – денсаулық кепілі. Мысалы, осы тазалық маусымының ішінде қаншама ауылдың айналасы тазарып, қыс бойы бейберекет тасталған, көктемгі қызыл су айдап әкелген қоқыстан аршылып, көрген көз сүйсінетіндей ажары кіріп қалды», дейді Әулиекөл аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы Альмира Жансүгірова.

Өткен сейсенбіде Қостанай ауданында да дәл осындай сен­білік ұйымдастырылды. Жер­гілікті әкімдік жанынан жұмыс істеп жатқан Жастар ресурс­тық орталығының мамандары Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің студенттерімен бір­лесіп, Тобыл қаласы арқылы өтетін сайды тұрмыстық қоқыс­тардан тазартты. Тазалық ациясына 50 шақты адам қатысты.

Қаланың бірнеше көшесін қиып өтетін сай тұрмыстық қал­дықтарға, қаңылтыр құты­ларға толып қалған. «Мұндай көрініс қала­мызға абырой әпермейді. Өкі­нішке қарай, кейінгі кездері шашы­лып жатқан қоқыстың жанынан бейжай өтіп кетуге ет үйреніп кеткен сияқты. «Таза Қазақстан» акциясының мақ­саты да – жұртты қоршаған ор­таға немкетті қараудан арылтып, тазалыққа, әсемдікке көз үй­рету», дейді жастар ресурстық орта­лығының еріктілері. Жастар орта­лығының бастамасы колледж сту­денттері тарапынан қолдау тауып, қоқыс толы сай айналасы бір-екі сағаттың ішінде тазарып қалды.

Бейімбет Майлин ауданының орталығы Әйет ауылында да жаңбырдың суы ағатын арық­тарды тазарту, лай толып, қай­­раң басып қалған су арна­ла­рын аршу жұмыстары жүр­гізілді. Тұрғындар Әйеттегі ашық алаң­қайлар мен мекеме ғимарат­тарының айналасына қаулап өсіп келе жатқан жасыл шөпті жұлып, орталық көшелерді сыпырып шықты. Акцияға 30 адам қатысты, қоқыс шығаруға арналған бір техника тартылды.

«Әйет ауылындағы тазалық акциясы – тұрғындардың эколо­гиялық мәдениетін арт­тыруға ықпал ететін мәнге ие маңызды іс-шараның бірі. Ел болып бірігіп, бір жарты күн тырмақ, сыпырғыш, күрек ұстап ауылдың іші-сыртын та­зар­тып қойсақ, өзімізге жақ­сы ғой. Ауыл тұрғындары сенбілікке екі айтқызбай шығып, елдіктің, бірліктің не екенін көр­сетіп жатыр. Бұл – өте жақсы үрдіс. Бүгінгі іс-шараға қатысқандардың барлығына ризамын», дейді аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов.

«Таза Қазақстан» эколо­гиялық акциясы аясында Қоста­най қаласындағы «Триатлон паркінде» де санитарлық тазарту жұмысы атқарылды. Сенбілікке 150-ге жуық адам атсалысып, демалыс орнының айналасын қамыс, қурайдан тазартып, бір­неше көлік қоқыс шығарды.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32